«Жасылелдіктер» қатары көбеймек

Облыстағы «Жасыл Ел» студенттік отрядтарын қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен  жүргізілетін болады.

1Rc2RPkShQk

Бұл туралы бүгін облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Жасұлан Бисембиев мәлім етті.  Оның айтуынша, аталған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында жыл сайын 600 студент жұмыс жасап келді. Енді биылғы жылы олардың санын екі мыңға дейін жеткізуге мүмкіндік туады.

oDeSS2-d9ww

-Мамыр айында отрядтарды жасақтау жұмыссыз жастар есебінен, ал, маусымнан бастап студенттік отрядтары құрылады. Бұдан бөлек, биылдан бастап оларға 60 мың теңге айлық еңбекақы төленбекші. Мұның өзі облыс әкімінің жергілікті бюджет қаржысын өсіру жөніндегі тапсырмасына сәйкес мүмкін болып отыр. Сөйтіп, «Жасыл Ел» бағдарламасы бойынша жастардың еңбекпен қамтылуын жүзеге асыруға 140 млн. теңге бөлінбек. Оның 101 млн. теңгесі жергілікті, ал, қалған 39 млн. теңгесі республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады. Осылайша жастардың қала мен елді мекендерді жасыл-желекке айналдыруға, санитарлық жағдайын жақсартуға және мемлекеттік бағдарламалар бойынша салынып жатқан түрлі әлеуметтік нысандар құрылыстарын салуға  қосар үлесінің қомақты болары даусыз.

pWA1g_b5f0c

Аталған бағдарламаға қатысушы болуға ниетті студенттер zhasatyrau.kz  сайтына немесе өздері оқитын оқу орындарына барып тіркелулеріне болады.

Айта кетейік, үстіміздегі жылдың 18 қаңтарында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев  студенттік құрылыс отрядтарының санын жергілікті бюджет есебінен көбейту жөнінде тапсырма берген болатын. Аймақ басшысы облыстағы жоғары оқу орындарындағы 10 мың, колледждерде оқитын 18  мың студент-жасты құрылыс нысандарына пайдалы еңбекке тарту қажеттігін ескерткен еді.

                                                                                  Бақытжан ХАМИТҰЛЫ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*