«Жасыл экономикаға» жол

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Астана қаласында «жасыл» технологиялар мен инвестициялық жобаларды дамытатын халықаралық орталық құру туралы бастамасына орай Энергетика министрлігі іске кірісті.

«Жасыл экономикаға» жол

Үкімет  отырысында орталықты құру барысы туралы баяндаған Энергетика министрі Қанат Бозымбаев басты мақсат «жасыл экономиканы» дамытуға ықпал ету екендігін айтты. «Орталық инновациялық көзқарастарға, «жасыл экономикаға» көшу бойынша ең үздік әлемдік тәжірибелердің ұзақ мерзімді әлеуетін күшейту стратегиясына негізделетін болады. Халықаралық орталық энергетика секторының трансформациясы, тұрақты қала құрылысы, «жасыл» технологиялар мен озық тәжірибелі «жасыл» бизнес, жаңартылатын энергия көздерін дамыту қызметінің жеті негізгі салаларын қамтиды деп күтілуде» деді министр. Инновациялық алаңды құру жұмысына Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының агенттіктерді тарту  көзделуде.

Сондай-ақ, Еуропалық Одақ, АҚШ, Ресей Федерациясы, Қытай, Үндістан және Латын Америка елдерімен арада ынтымақтастық орнатылады. Алаң негізінен Орталық Азия елдерінің, яғни  Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, сонымен бірге, Иран, Ауғанстан, Моңғолия және Әзербайжан мемлекеттерінде «жасыл технологияға» бағытталған жобаларды іске асырады» делінген министр Қанат Бозымбаевтың баяндамасында.

Басты жаңалық сол, технологиялық орталық халықаралық ЕХРО көрмесінің мұрасы ретінде жұмыс істемек. Энергетика министрлігі орталықты  «Үздік тәжірибелер аймағы» территориясында орналастыруды ұсынып отыр.

Бұл ұсыныс ағымдағы жылдың маусымында Астана қаласында, яғни халықаралық ЕХРО–2017 көрмесінің ашылу салтанатында ресми түрде жарияланады.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*