ЖАСТАРДЫҢ ЖАҢА ИДЕЯСЫ

Ерекше идея иелерін Атырау облыстық жастар саясаты басқармасы қолдағалы отыр. Ел тәуелсіздігінің ширек ғасырлық атаулы датасына орай қолға алынған идея – «Менің бастамам» деп аталады. «Конкурс аясында жыл аяғына дейін 25 жобаны іске қосу жоспарлануда. Конкурсқа негізінен мәдениет, спорт, бизнес, әлеуметтік бағыттағы проблемаларды шешуге арналған жастардың жаңашыл жобалары қабылданады. Ішіндегі ең таңдаулысына басқарма қаржылай қолдау да көрсетеді. Берілетін максималды сома – 200 мың теңге» дейді Атырау облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Мейірім Қалауи.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*