Атырауда жастарға арналған аула клубтары ашылды

7541 Қоғам

Атырауда «Нұр белес» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жеті қазына», «Достық», «Хиуаз», «Бейбарыс» аула клубтары ресми түрде ашылды.

7541

Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Роллан Құспанның айтуынша, аула клубтарда жастарға арналған үйірмелер ашылады. Әр үйірме бойынша білікті мамандар қызмет атқаратын болады.

Аталмыш аула клубтары жылдың аяғына дейін жұмыс жасайтын болады. Әр аула клубында ағылшын тілі сабақтары, домбыра, гитара, өлкетану, шахмат, дойбы секілді спорттық үйірмелермен қатар актерлік шеберлік, қолөнер сабақтары да өтеді.

Үйірмеге қатысушылар тек өз білімдерін жетілдіріп қана қоймай, аула клубтары арасында өтетін шараларға қатысады.

Айта кетейік, бұл аула клубтары 7-29 жас аралығында кез келген жас тегін қатыса алады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз