ЖАСТАР ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАЙДЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауына қолдау білдірген жастар өз ұстанымдарын осындай ерекше жолмен жеткізуді жөн санапты. Атырау медицина колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Талғат Айдынғалиев игі науқанға колледж студенттерінің жетпіске жуығы атсалысқандығын айтады.

– Тарихи күрделі кезеңде жарияланған Елбасы Жолдауы әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу жолдарын белгілеп берді. Мұны әр жас жүрегінің сүзгісінен өткізуі тиіс. Қазіргі жаһандану жағдайында Қазақстанды әлемнен бөліп қарау мүмкін емес. Елбасы Ұлттық қор құру туралы тапсырма бергенінде «мұндай қордың бізге не керегі бар, мына араб елдері секілді халыққа бөліп бермейміз бе?» деген кереғар пікірлер де айтылмай қалмады. Ол кезге қарағанда, қазір мұнайдың бағасы төмендеп, әлемдік нарық тығырыққа тірелді. Енді қордағы қаржымен байтақ еліміздің экономикасын арттырып, азаматтарымызды еңбекпен қамтамасыз етуіміз қажет. Жол мәселесімен бірге, қала инфрақұрылымын да қалпына келтірген жөн. Міне, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, ішкі бірлігіміз бен ынтымағымызды жас толқынға үлгі етуіміз қажет, – дейді аталған қор жетекшісі Жеңіс Аронов.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*