ЖАСТАРҒА – ЗОР МҮМКІНДІК

 

Басқосуда облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Арман Азаматов жүз қадамнан тұратын Ұлт жоспарын жүзеге асыруға жастардың да өз үлестерін қосуы керектігін айтты.

«ҚазТрансОйл» компаниясының слесарь маманы Александр Паленов көп адамға үлгі боларлықтай жастардың қатарына жатады. Техникалық мамандыққа бала күнінен қызығушылық танытқанын айтқан ол, өз ісін аса ынтамен, жігермен атқаратындықтан, халықаралық сайыстарда топ жарып жүргендігін сөз етті.

Атырау мұнай өңдеу зауытының пульттік басқару операторы, аталмыш мекемедегі «Жас Отан» жастар қанатының өкілі Қасиет Лұқпанов та мектеп қабырғасында жүрген оқушылық кезеңнен ақ, мамандыққа таңдау жасап, сол жолда білім алудың маңыздылығына тоқталды. Шараға қатысқан Жастар ресурстық орталығының басшысы Жасұлан Бисембиев мамандық таңдау мәселесімен мектеп психологтары тікелей айналысса деген ойын айтты. «Психологтар баланың салаға бейімділігін анықтауы қажет. Алайда, мектептерде білікті психологтар тапшы» деді ол.

Өз ойларын ортаға салған жастар Ұлт жоспарын жүзеге асырудың тетігі әріде жатқандығын айтты. «Жастар мамандық таңдауда қоғамға қажетті саланы таңдауы қажет. Сонда ғана біз экономика сұранысына жауап беретін боламыз» дейді шараға қатысушылар.

Мәлике МӘЛІКҚЫЗЫ.

Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ.

 

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*