Жастарға енжар болу жараспайды

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалында «Еркін пікір» дискуссиялық клубының отырысы өтті. Ел намысын қорғап жүрген спортшылар мен студент жастар басқосқан шараға облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жасұлан Бисембиев пен облыстық мүгедектер спорт клубының директоры Бауыржан Тақауов қатысты.

14432936_1757124841209288_5956904165454567552_n

«Облысымызда он алты мың мүгедек жан болса, олардың мыңнан астамы жастар. Бүгінде сол жастардың екі жүзден астамы ғана спортпен тұрақты шұғылданады». Кездесу барысында осылай деп мәлімдеген Бауыржан Тақауов мүгедектерді спортқа көбірек тарту керектігін айтты.

«Біздің облысымызда спортпен шұғылданамын деушілерге барлық жағдай жасалған. Мүгедектерге арналған спорт кешені Қазақстан бойынша тек Атырауда ғана бар. Осының нәтижесіндей, волейболды отырып ойнаудан спортшыларымыз Қазақстанның атынан шығып, халықаралық жарыстарда жеңімпаз атанып жүр», деген ол спортшыларды баспанамен қамту мәселесін  алға тартты. Оның айтуынша, ел намысын қорғап жүрген волейболшылардың дені бүгінде  үй жалдап тұрады.

Осы орайда «Жас отау» бағдарламасы жайында айтқан Жасұлан Бисембиев өңіріміздегі жастардың басындағы бірқатар мәселелерді де жасырмады. Мысалы, жастардың радикалдық діни ағымдарға өтуі, жұмыссыздық, баспанаға мұқтаждық және кәсіппен айналысу көрсеткішінің төмендігі алаңдатып отырғанын атап көрсетті. Жасұлан Орақұлы шараға қатысқан студентерге «Өз-өзіңді және өзгелерді жұмыспен қамту үшін кәсіппен айналысуың қажет. Ол үшін осы кезден бастап жоспар құруларыңыз керек. Оқу орындары бүгінгі еңбек нарығына қабілетті кәсіп иелерін дайындаса әлде қайда тиімді болар еді. Бұл үшін біз өзге елдердің тәжірибелерін зерттеудеміз », деді ол.

Кездесуге қатысқан студент-жастар спортқа және өзге де салаға қатысты мамандарға көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, олармен еркін-пікір алмасты.

14322217_1757124904542615_4603668623909333412_n

Мәлике МӘЛІК

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*