Жас жігіттер көше сыпырушы қарияны не үшін өлтірген?

Атыраулық зейнеткер Алматыда өзіне тап беріп, ұялы тефонын тартып алған жас жігіттердің қолынан қаза тапты.

20171102112032

Алмалы аудандық ішкі істер басқармасының басшысы Данияр Мендебаевтың айтуынша, жедел іздестіру шаралары нәтижесінде 19 бен 20 жастағы екі күдікті ұсталған. Олардың бірі жәбірленушінің артынан тосыннан келіп, күресте қолданылатын тәсілмен белінен ұстап тасжол бетіне құлатқан. Салдарынан қарияның қос аяғының да тізесі шығып кеткен. Сөйтіп, бұзақылар оның 40 мың теңгеге сатып алынған ұялы телефонын алып, оқиға орнынан тайып тұрған. Оңай олжаны дереу келесі күні небәрі 7 мың теңгеге сатып жіберген.

picsart_11-03-11.55.43

Ал, 59 жастағы жәбірленуші ауруханаға жеткізіліп, апта бойы ес-түссіз күйде жатқан. Кейін көпке ұзамай көз жұмған. Аталған іс бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабы, яғни «бұзақылық» дерегіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті.

Қазіргі таңда күдіктілер өз кінәларын толықтай мойындап отыр. Анықталғандай, олардың бірі бұған дейін де бөтен мүлікті қолды еткені үшін айыпталған екен. Айта кетейік, марқұм болған Батихан Сейдеғалиев Алматыдағы дүкендердің бірінде аула сыпырушы болып еңбек еткен. Марқұмның денесін Атыраудағы туыстары алып, өзінің туған жеріне жерлеген. Оның артында әйелі мен үш қызы қалды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*