Жас таланттыларға арналған жаңа жатақхана ашылды

Атырау музыкалық колледжінің «Д. Нұрпейісова атындағы халық музыка академиясы» студенттері үшін 100 орындық жатақханаға пайдалануға берілді.

6A0F84F6-F4B2-414A-A95C-E08AF2F5DA4B

Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы Қайырғали Кенжеғалиевтың айтуынша, жаңа жатақхананың салынуы студенттер үшін маңызды дүние.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бес әлеуметтік бастамада көрсетілген жатақхана салу мəселесі бойынша, өңірімізде жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бұл колледжде білім алып жатқан студенттер үшін қуанышты оқиға. Жаңа ғимарат студенттердің оқуына жəне өз уақыттарын жайлы жағдайда өткізуге мүмкіндік береді», – дейді Қайырғали Кенжеғалиев.

8784072C-D956-4664-BB26-65E5BADB4F9D

Бүгінгі таңда музыкалық колледжінде 222 студент білім алуда. Оқу орнының ұжымы жыл сайын түрлі халықаралық жарыстарға қатысып, Ресей, Түркия және Италия елдерінде өнер көрсетіп жүр. Д.Нұрпейісова атындағы халық музыка академиясының түлектері Қазақстан мен Ресей елдеріндегі жоғары оқу орындарының беделді студенттері.

Айта кетейік, көп ұзамай екі жатақхананың құрылысы басталады. Сондай-ақ, сегіз жатақхана құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда. Бұл жатақханалар 1000-нан астам студенттерді қамтитын болады. Бұдан бөлек, Исатай ауданында орналасқан колледж үшін 100 орындық жатақхананың құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының жатақхана құрылысы жүргізілуде.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*