Жасөспірімдерге сыра ішкізгені үшін 30 мың теңге айыппұл салынды

Атырауда жасөспірімдерге сыра ішкізіп, масаң күйге жеткізген азаматқа 30 мың теңге айыппұл салынды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

1

2017 жылдың қараша айында А.М. өз ақшасына дүкеннен 6 шөлмек «Балтика 9%» маркалы сыра сатып алып, кәмелетке толмаған жасөспірімдер – 2000 жылы туған Р.Е. және 2001 жылы туған А.Т.-ға ішкізіп, оларды масаң күйге жеткiзген.

Сот отырысында А.М. өзінің кінәсін мойындап, материалдық жағдайын ескеріп, жеңіл жаза беруді сұрады. Жүргізілген медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, кәмелетке толмағандар жеңіл дәрежедегі мастық күйде болғаны анықталды.

Сот қаулысымен құқықбұзушы  А.М. «кәмелетке толмағанды масаң күйге дейін жеткізу» бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 29 694 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген.

Айдос Қарабала

Фото shtrafyinfo.ru сайтынан алынған

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*