ЖАС МАМАНДАР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

 

Салтанатты жиында аудан әкімі Мақсым Ізбасов, аудандық соттың төрағасы Асхат Саудабаев, №9 жалпы орта білім беретін мектептің Қазақстан тарихы және құқықтану пәні мұғалімі Айнұр Болатова атаулы датаның айрықша сипаты бойынша сөз сөйлеп, жиналған жұртшылықты мерейлі мерекемен құттықтады.

Ата Заңды ұлықтау сәтінде мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған бір топ жас мамандардың ант қабылдау рәсімі болып, аудан басшысы Мақсым Шафихұлы олардың әрқайсысына қызметтік куәліктерін салтанатты жағдайда тапсырды.

Жиын соңы мерекелік концертке ұласып, онда Бақтықожа Ізмұхамбетовтің сөзіне жазылған Ильия Жақановтың әні «Сол бір ән», Нұрғиса Тілендиевтің күйі «Аңсау», «Жем аруы» халықтық би ансамблі айшықтаған «Мереке» биі, Ескендір Хасанғалиевтың «Атамекен» ән-толғауы жиналған жұртшылықтың құлақ құрышын қандырды.

Қаржау ОРАЗБАЕВ,

меншікті тілшіміз.

Жылыой ауданы.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*