ЖАС МАМАНДАРҒА – ЖАҢА МҮМКІНДІК

Бұл шара «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты Атырау облыстық филиалының бастамасымен 2013 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалының төрағасы А.Бопылдықов: «Жобаның мақсаты – жоғары оқу орындарын бітірген ата-ана қамқорлығынсыз қалған жас мамандарды облыстағы ірі кәсіпорындарға өз мамандықтары бойынша тәжірибеге жіберу және мүмкіндігінше жұмысқа орналасуына ықпал ету», – деді.

Осыған орай шара барысында «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалы мен «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, «ҚазақстанТемірЖолы» АҚ мекемелері арасындағы арнайы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Сондай-ақ, бұл күні оқу орнында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның 2015-2018 жылдарға арналған Кәсіпкерлік құзыреттілігін арттырудың бірыңғай бағдарламасының «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» жобасын жүзеге асыру аясында өзара қызметтестік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Меморандум аясында студенттер екі апталық курстардан өтпек. Сонымен қатар, өз кәсібін бастағысы келетін жас мамандарға да мүмкіндіктер қарастырылатын болады.

Бейбітгүл НҰҒЫМАНОВА, институттың маркетинг басқармасының жетекші маманы.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*