ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ!..

2013 жылы аудандық орталық аурухана мен емханаға жеті  фельдшер, бес  медбике жұмысқа қабылданған. Ал, биыл тоғыз  жас маман қызметке алынған.

2014 жылы ауданымызға «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында 62 жас маман келген. Олардың әрқайсысына 129 мың теңге көлемінде, яғни 70 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын көлемде барлығы 8 млн. 38 мың теңге көтерме жәрдемақы төленген. 2014 оқу жылына арналған арнайы тізбе жасақталып, онда аудан көлеміндегі мектептерге қажетті пән мұғалімдері сараланды. Ауданға келген 50 жас маман қазіргі таңда білім беру саласында жұмыс істеп жүр. Ал, үш жас мәдениет, спорт, ветеринария бағытында еңбек етуде.

Ауданда соңғы он бес жылдың көлемінде бюджеттік сала мамандарына арналған ешқандай жаңа тұрғын-жайлардың салынбағаны белгілі.  Енді міне, облыс әкімінің қолдауымен облыстық бюджеттен  2014 жылға 128,0 млн. теңге қаржы бөлініп,  қыркүйек айында 3 бөлмелік бір қабатты 10 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары басталып кетті.

Құрылыс жұмыстары 2015 жылдың мамыр айында толығымен аяқталуы тиіс. Тұрғын үй бюджеттік мекеме қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз ету мақсатында салынуда.

Мағрупа

БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ,

Қызылқоға ауданы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*