Жас қаламгерлердің антологиясы жарыққа шықты

Облыс әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының тапсырмасымен, «Руханият» жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен атыраулық жас ақын-жазушылардың «Алаужыр» атты антологиясының тұсауы кесілді.

20180516221256

Жинақ Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, ақын Фариза Оңғарсынованың өлеңімен басталады. Оған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының Атырау филиалы директоры Қойшығұл Жылқышиев алғысөз жазған. Бұған дейін «Бастау», «Тұңғыш», «Қанатқақты» және басқа да таңдамалы жинақтар жарық көрген еді. Мақсат – жастар арасындағы беймәлім есімдерді елге таныту.

Кітапқа «Фариза жұлдыздары» клубына мүше болған 25 жас ақын-жазушының өлеңдері мен әңгімелері топтастырылған. Тұсаукесерде Мәдина Ғабдысәлімова, Рәшила Мүрсалиева, Өтепберген Әлімгереев, Төлеген Жаңабайұлы, Жеңіс Аронов және Абат Кенжеғалиев жаңа еңбекке өз бағасы мен батасын берді. Олар Әбу Сәрсенбаев, Хамит Ерғалиев, Жұмекен Нәжімеденов, Фариза Оңғарсынова, Меңдекеш Сатыбалдиев, Нұралы Әжіғалиев сынды қаламгерлердің лайықты ізбасарлары барына тоқталды.

Амандық АБДОЛ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*