ЖАРҚЫН БЕЙНЕ

«Сөзімнің  адал шындық

жартысы»

Әдеттен тыс ой айту – Жұмекенге тән. Адамдар шыншыл көрінгілері келіп, әдетте, өтірік айтпаймын деп ант-су ішіп жатады. Тәйірі, өтірік айтпайтын адам болушы ма еді?! Адамның пенделігін қайда қоямыз? Өтірік айтпаса, адамның іші кебеді.

Өтірік айтпайтын адамды, сірә, қара жердің бетінен таппассыз. Адамдар өздерінің өтірік айтатындықтарын мүмкін болғанша жасырып, «сүттен ақ, судан таза» болғылары келеді. Бұл – ниет, бірақ, ол – орындалмайтын ниет.

Адам өзінің өтірік айта алатынын өзгелерге жария жасамаса, өзі мойындауы керек. Нағыз шыншылдық дегеніміз – осы болмақ. Ақын айтады: «Сөздерінің адал шындық – жартысы, қалған жартысы ойдан шыққан өтірік!» Бұл – Жұмекеннің сыры.

Ғарифолла ЕСІМ, философия ғылымдарының докторы, академик. 

Толық нұсқасын газеттен оқи аласыз.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*