Жарасымды отбасы атану оңай емес (ФОТО)

Атырау қаласына таяу орналасқан Ақжар ауылындағы «Ақбөбек» балабақшасының педагогикалық ұжымы көптеген мәдени-көпшілік шараларды өткізіп, балғын тәрбиеленушілеріне отансүйгіштік сезіммен бірге адамгершілік қасиеттердің алғашқы дәнін сеуіп келеді.

w7Ph1-0-rEk

Жуырда аталған балабақшада «Жарасымды отбасы» атты спорттық сайыс өтіп, оған балалар және олардың ата-аналары қатысты. Мектепке дейінгі балаларды кішкене күнінен ептілікке, шапшаңдық пен салауатты өмір салтын ұстануға баулитын сайысқа үш отбасы қатысты. Олар балалардың жасына лайықталған спорттың неше түрінен өзара сынға түсті. Нәтижесінде жүлделі бірінші орынды «Жүйріктер» тобы – Кәрімжановтар, жүлделі екінші орынды «Жұлдыздар» тобы – Зайнуллиндер, жүлделі үшінші орынды «Мықтылар» тобы – Сергеевтер отбасы иеленді.

w3ZnA5BwYgY

Балалардың ата-аналары үлкен-кішіге бірдей осындай қызықты да пайдалы демалыс ұйымдастырған балабақша басшысы А.Сапинғалиева мен әдіскер Т.Қуанышеваға, барша тәрбиеші-педагогқа көптен-көп алғыс айтты.

EQ572Ls43I8

Кенжегүл ТАБЫНБАЕВА,

Ақжар ауылы

Ақжар ауылы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*