Жаппай көкпар жарысының жеңімпазы 80 мың теңгені қанжығалады (ФОТО)

Атырауда өткен жаппай көкпар жарысына қала және ауылдардан жиналған 25 көкпаршы қатысты,-деп xабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

a3424ec6-e6d4-410c-9eb8-6f953c42e7d4

Сарайшық ықшамауданында өткен жарысты Атырау облыстық әкімдігі мен облыстық ұлттық спорт түрлері федерациясы бірлесіп ұйымдастырған.

3 сағатқа созылған көкпарда ең көп салым салған Нұрлан Бисенбаев 80 мың теңгені еншіледі. Сонымен қатар, Ұлттық спорт түрлері федерациясының президенті Асланбек Жанбалаевтың атынан көкпардың ең үздік ойыншысы Махамбет ауданының тұрғыны, 16 жасар Абылай Лұқпановқа  ертоқым және “Гүлсары” атты сәйгүліктің иесі Қанат Тұрғалиевқа көкпаршы етігі табысталды.

13d30d10-f382-4a3c-9aff-9150bb70d22b

«Жаппай көкпар Атырау облысындағы ұлттық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылуда. Шебер мамандар жастарымызды көкпаршы болуға дайындауда. Көкпар күннен күнге тұрғындардың қызығушылығын тудырып келеді»,-дейді облыстық ұлттық спорт түрлері федерациясының президенті Асланбек Жанбалаев.

1f373f79-e86c-43b1-a21d-c4e6857c4024

Айта кетейік, өткен жылдың қорытындысы бойынша Атырау облысы ұлттық спортты дамытуда үздік деп танылып, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекетке “Алтын тұғыр” арнайы жүлдесі табысталған болатын.

Айқара Ғұмар

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*