Жапан далаға жан бітірді

 Өткен жылдарға көз жіберсек, «тәубе» деуге толық негіз бар. Сонау 1991 жылы еліміз тәуелсіздікке жаңа қол жеткізген тұста сыртымыздан сынай қарағандардың көп болғаны белгілі. Бірақ, Елбасының сарабдал саясаты арқасында сол бір қиын-қыстау кезеңнен халқымыз шыға білді. «Өліара» шақтың өткелінен жасымай өтіп, алдағы болашаққа көз тікті.

  Елдің астанасын Алматыдан Астанаға көшіру идеясын қолдаушылар да, қарсы пікір айтушылар да болды. Зиялы қауымды, министрлер кабинетін Астанаға алғаш көшіріп апарған шақтың қиындығын бүкіл ел көріп, ортақ болып отырды. Жапан далаға жан бітіріп, гүлденген қала тұрғызып, оны жаңа тәй-тәй басқан мемлекетіміздің астанасы ету жолында Қазақстан Республикасының Президенті күш-қуаты мен жігерін, ақыл-парасатын аяған жоқ. Бүгінгі таңда Тәуелсіздікке 25 жыл толған қуанышты сәтте өткен тарихқа толқымай, тебіренбей қарау мүмкін емес. Жасай бер, болашақтың нұр сәулетті, ай дидарлы Астанасы!

Құрмет НҰРСАРИЕВ, ішкі істер органдарының ардагері.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*