ЖАН-ЖҮРЕКТІ ЕЛЖІРЕТКЕН…

 

 Оның мақсаты – Ел бірлігі жылында біздің ортақ Отанымыз, Қазақстанның бүгінгідей қарыштап дамып отырғанына, тұрақтылық, ұлтаралық, дінаралық келісім ең басты ұстанымы екендігіне, бірлік бар жерде береке бар қағидасына тереңірек үңіле түсу және ортақ ой-түйіндерге өріс ашу. Кешке «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жетекшілері мен өзге ұлт өкілдері, колледж студенттері және кітапхана қызметкерлері белсене қатысты.

Кеш барысында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Үмбетқали Жақашев Қазақстан халқы Ассамблеясының еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде елеулі орын алатындығына тоқталса, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі Нұрбай Сүйембаев аудан аумағында тұратын түрлі ұлт өкілдері тілдерінің өркендеуіне қосып отырған үлестерін айта келіп, нақты мысалдар келтірді. «Қазақ тілінде еркін сөйлей алатын өзге ұлттардың азаматтарын бөлім әртүрлі тіл байқауларына қатыстырып, қабілет-дарынын өзгелерге үлгі етуге күш салып келеді. Олардың қатарында облыстық және республикалық тіл байқауларының жеңімпаздары – Екатерина Волкова, Эльвира Валитова мен Абай оқуларынан үшінші орын алған Елизавета Баумгертнер есімдерін ерекше атап өткен орынды» деді ол. Бұл ойларын «Үш тұғырлы тіл» идеясымен сабақтастырды.

Оюлы ұлттық камзол киген лезгин қызы Зебо Саидмахмадова өзінің бауырмал қазақ елінде дүниеге келгенін бақытты санайтынын қазақ тілінде еркін жеткізді. Ол қазір қазақтың келіні, Құлсары қаласында «Қызғалдақ» балабақшасында педагог-психолог болып еңбек етіп жүр.

– Бүгінде білім ордасының шәкірттері, татар ұлтының өкілдері  Эльвира Шайхутдинова мен Күнсұлу Болатовалар да туған Отанының түлектері екенін мақтанышпен айтып, оның өсуі мен өркендеуіне лайықты үлес қосуға талпынып жүргендерін терең сезіммен тебіреніп сөз етсе, олардың да болашағына риясыз сеніммен қарап, ертеңгі келешегіміз екендігін сезінгенде жан-жүрегің елжіріп кетеді екен, – дейді кешті қорытындылаған орталық кітапхана меңгерушісі, ҚР Мәдениет қайраткері Кәрима Байниязова.

 

Қаржау Оразбаев,

меншікті тілшіміз,

Жылыой ауданы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*