ЖАЛҒАСҚАН ЖАҚСЫ ДӘСТҮР

Мен болгар халқының өкілімін. Қазақстан мемлекетінде емін-еркін өмір сүріп, өмірлік мақсаттарымды жүзеге асырып келемін. Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнайды өңдеу және мұнай өнімдерін күкіртсіздендіру цехының механигі болып қызмет етудемін. Өз басым, қазіргі жастардың халықаралық стандарттарға сәйкес білім алуына қашан да қолымнан келгенінше ықпал етуге тырысамын.

Тәуелсіз Қазақстанға көшіп келіп, еңбек етіп жатқандар аз емес. Солар секілді менің де атам 1944 жылы Солтүстік Кавказдан депортацияланған-ды. Бұған Кеңес Одағының Германиямен арадағы соғыс себеп болған. Қазақ жеріне тұрақтағалы отбасымыз көптеген жақсы істердің, экономикалық өркендеудің, халықтың ынтымағы мен бірлігінің куәсі болып жүр. Үш буын, атап айтқанда мен, әкем және атам – бәріміз Атырау мұнай өңдеу зауытында үзбестен еңбек етіп келеміз. Бүгінде Қазақстанның қай бұрышында да дамыл таппастан еңбек еткендер жемісін көріп жатыр. Сол бейбіт аспан астында күн-түн демей жұмыс жасап жатқан жандардың қатарында мен де бармын. Ашығын айтсам, қызметімде көп өзгерістер мен жаңалықтар орын алды.

Үстіміздегі жыл барша қазақстандықтар үшін ерекше. Өйткені, ол айтулы оқиғалар мен мерейлі сәттерге толы. Соның ішінде  Қазақ хандығының құрылғанына – 550 жыл, Ата Заңымыздың қабылданғанына 20 жыл, Ұлы Жеңістің орнағанына 70 жыл толуына байланысты мерейтойлар жіпке тізілді. Ең басты оқиға деп 2015 жылдың Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы болып жариялануын атап өтер едім. Жастарға жетекшілік жасайтындықтан, өзіме артылар жауапкершілік жүгі ауыр екенін сезінемін. Келер 2016 жыл да көптеген маңызды оқиғаларға толы болмақ. Осының аясында мемлекеттік қазынаға үлкен жүк артылады. Бұл дегеніңіз, бізге босаңсуға уақыт жоқ. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы ұсынған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатын дағдарыстарға қарсы құрал ретінде пайдалануымыз керек. Яғни, жұмыс орындарын қысқартпай, болашақ инфрақұрылымдық саланы дамытып, халқымыздың әл-ауқатын жақсартуымыз қажет.

 «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп бабаларымыз ел бірлігі жөнінде өте орынды айтқан. Ата-баба аманатына адал болу, өсиет-ақылдарын іске асыру – басты парызымыз деп санаймын.

Юрий Кустадинчев,

Қазақстан халқы

Ассамблеясының

жастар қанатының Атырау облысы бойынша

жетекшісі.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*