«Жадымда жаңғырар жүздесу»

Шолпан АЛТЫБАЕВА, «Теңізшевройл» ЖШС-нің Адам ресурстары жөніндегі басқармасының бас менеджері:

лЖадымда жа____ырар ж__здесу¬

Елбасымен тікелей кездесу кез келгеннің басына бұйыра бермейтін бақыт қой. Астана сапарынан қандай көңілкүймен оралдыңыз?

– Шыны керек, қанаттанып келе жатырмын. Әр минуты бір жылға татитын кездесу ерекше салмақтылығымен есте қалды. Себебі, Президент Нұрсұлтан Әбішұлы ойлы әңгімелерді ортаға салды. Уақыттың мұнша тез өтіп кететінін бұрын-соңды сезініп көрмеппін.

Президентпен сұхбаттың ерекше форматта өрбігенін ақпарат құралдары арқылы естіпбіліп отырмыз. Десек те, сізге ой салған қандай ерекшелікті атап өтер едіңіз?

– Президент бала тәрбиесі туралы көп айтты. Ол дұрыс та. Себебі, кез келген әулет ұрпағымен дамыса, мемлекеттің басты байлығы – адам, оның саулығы және интеллектуалдық деңгейі. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесіне ерекше назар аударудың маңыздылығын айтқан Президент әйел азаматтардың қоғамдағы рөлі туралы да салиқалы пікірлерімен бөлісті. Расымен де бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетіп отырған нәзікжандыларымыз қандай құрметке де лайық. Олардың тұтас ел аманатын арқалап жүргенін ұмытпауымыз керек.

Жеке басыма келсем,  мен  екі баланың анасымын. Қазір олардың екеуі де ер жетті. Ұлым еңбекке араласты. Қызым – студент. Мәскеуден психолог мамандығын алдым. Ұлыбританияда білімімді жетілдірдім. 2009 жылдан бері ТШО компаниясында қызмет етемін. Осындай азды-көпті еңбегімнің ескеріліп, Тұңғыш Президентіміздің қабылдауында болғанымды  мақтан тұтамын.

–  Ендігі сұрағымыз өзіңіз айтып отырған қабылдау туралы. «Сіз Президентпен кездесесіз» деген хабарды естіген кездегі көңіл-күйіңізді суреттеп бере аласыз ба?

– Әрине, төбем көкке жеткендей қатты қуандым. Президент Әкімшілігінің өкілдері айтқандай, Елбасымен кездесуге әйелдерді таңдаудың өзі ерекше процесс екен. Белгілі бір талаптар бар. Десе де, отбасына да, қызметтік міндеттеріне де үлгеріп, биіктен, үлкен нәтижелермен көрініп жүрген әйелдеріміздің барлығы жоғары құрметке лайық деп ойлаймын. Олар – әдемі ғана емес, еңбекқор, отбасы шырақшысы, қоғамның, тұтастықтың ұйытқысы. Әйел бар жерде береке, тыныштық бар. Сондықтан, әйел затына деген құрмет мерекемен ғана шектеліп қалмауы тиіс.

Бір қызығы, «Көктем шуағы» шарасына қатысқан қыз-келіншектердің арасында өндіріс саласының жалғыз өкілі мен болдым.  Мұның өзі мен үшін үлкен мәртебе.

– Ерекше әсер сыйлаған сәттерге тоқталып өтсеңіз.

– Елбасымен кездесуіміздің өзі тұтас мемлекетіміз үшін ерекше оқиға – конституциялық реформалар талқысы аяқталғаннан кейін болды. Сол себепті, Президент Нұрсұлтан Назарбаев конституциялық реформалардың маңызы туралы да әңгімелеп берді. Билік тармақтарының өкілеттілігін қайта қарау заман талабы екендігіне тоқталған Мемлекет басшысы Үкіметке, Мәжіліске жаңа міндеттермен бірге, жауапкершілік жүктелетінін айтты. Осындай елдік мәселелер қозғала тұра, Президент кездесуге  бейресми реңк беруге тырысты. Орнымен әзілдер айтып, өмірлік мәселелерге де көбірек тоқталды. Өмір мектебінен алынған өзінің тәжірибелерімен де бөлісті.

Бір ерекшелігі, Президент тату отбасының формуласын атады. Әйел кешірімшіл бола білуі керек. Ері ашуланса, сабырға шақыруы қажет. Сонда ғана отбасының берекесі болады. Сонымен бірге, Президент үнемі күліп жүруге, кез келген нәрсеге қуана білуге кеңес берді. «Себебі, өмір сәттерден ғана тұрады. Сондықтан, әр сәтті бағалай білуіміз керек» деген сөздер енді менің ұраныма айналатын болады.

–  Мемлекет басшысын біз әдетте ресми жиындарда ғана көреміз. Бейресми форматта өткен кездесуде Президентті адами тұрғыда қандай қырынан тани алдыңыз?

– Елбасы – өте ерекше тұлға. Біртуар азамат. Салиқалы сананың, кемел ойдың иесі. Әрі керемет ән салады. Әзіл айтуда да өзіне тән ерекшелігі бар. Президентпен бұған дейін де кездесіп жүрдім. Бірақ, ол жұмыс барысындағы шаралар болатын. Бұл жолғы кездесудің жөні бөлек. Себебі, мен Елбасын жұмыстан тыс уақытта кездестірдім. Әрі  ол кісі мені мерекемен жеке құттықтады. Кездесудің ресми бөлімі аяқталған соң, Президент бізді жеке жұмыс кабинетімен таныстырды. Ұйымдастырушылардың жұмыс кестесінің тығыздығын айтқан сөздеріне қарамастан Президенттің бізге уақытын бөліп, Ақорданың ішіне саяхат ұйымдастыруының өзі ерекше сәт еді. Әр минуты бір жылға татырлық қуаныш деген осы болар…

Президентпен кездесуден көңілге не түйдіңіз?

– Кездесу барысында жас ұрпақ тәрбиесі туралы тектен-тек айтылған жоқ. Қалай десек те, әр адам білімін жетілдіруге, өз-өзін дамытуға назар аударуы керек. Еңбек еткен адам ғана мақсатына жетеді, биіктерді бағындырады.

Президент өз сөзінде тәуелсіздік елең-алаңын, сол кездегі қиындықтар туралы да бекер еске алмады деп ойлаймын. Қиындықтарды тез ұмыту адам баласына тән қасиет. Біз қашан да жақсылықтың тез болуына асығып тұрамыз. Егер біз өткеннен сабақ алып, барды бағалай білуге және мүмкіндігімізді толық пайдалануға ұмтылсақ, шын мәніндегі кәсіби мемлекетті қалыптастыратын  боламыз.

Біз аз ғана халықпыз. Қытайлар миллиардтан асады, Ресей халқы – 220 миллион. Сондықтан, бір-бірімізді қадірлей білуіміз керек.

Жадымда жа____ырар

Рзабек АРТЫҒАЛИЕВ,

«Теңізшевройл» ЖШС-нің үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері:

– Үш тілді еркін меңгерген Шолпанның ірі мұнай өңдіруші компанияға жұмысқа келгеніне де сегіз жыл болды. Үлкен ұжымның сенімін арқалаған оның кәсіби шеберлігі мен ұйымдастыру қабілеті жоғары. Адами асыл қасиеттерімен ерекшеленген Шолпан – біздің компаниядағы мақтаулы менеджеріміздің бірі.

Біздің анықтама:

Алтыбаева Шолпан Батырбекқызы Алматыда туып өскен. Еңбек өтілі – 30 жыл. Мәскеудің М.Ломоносов атындағы мемлекеттік университетін психолог мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде бастаған. «Қазақойл», «Қазақстан темір жолы», «ҚазТрансГаз», «Қазақмұнайгаз» сынды ұлттық компанияларда еңбек еткен.

Баян жанұзақова, Бақытжан жұмат

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*