ЖАҢАША ОҚЫТУ – ЖЕТІСТІК КӨЗІ

Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі. Әсіресе, оқушының ана тілі мен дүниетанымына деген көзқарасын жастайынан қалыптастыруымыз керек.
Ана тілі мен дүниетану пәндерін кіріктіре оқыту арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырып, өздігінен ізденіп, үйренуге мол мүмкіндік беретін «Тәй-Тәй» деп аталған сабақ беру әдісімді жүзеге асырдым.
Себебі, жай сыныптарда мұғалім басшылық рөл атқарса, ал «Тәй-Тәй» әдісінде оқушы бірінші орында тұрады және ізденушілік қабілетін көрсетеді. Сонымен қатар, бұл сабақтарға тарих, ғылым, өнер, экологиялық орталықтарды енгізе отырып, берілген материалды жан-жақты толықтырады.
«Тәй-Тәй» бағдарламасы білім беруде барынша жекелеуді көздейді. Мұғалім сабақтарын толық жекелеу мүмкіндіктерін ұсынатындай етіп жоспарлап өткізу керек. Оқушыға білім алудың алғашқы деңгейлерінде мұғалімнің басшылығымен оқудан тәуелсіз оқу деңгейіне дейін апаратын көпір болып табылады.

Гүлайым ӘНДІРБАЕВА,
№22 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, I республикалық педагогикалық оқулардың жүлдегері,
Атырау қаласы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*