Жаңа жасыңмен, Ұлы далам!

Өткен сәрсенбіде Исатай-Махамбет алаңында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» атты халықаралық форум шымылдығын ашты. Екі күнге созылған фестиваль мақсаты – ұлттық дәстүрді жандандыру арқылы қоғамдық сананы жаңғырту, халқымыздың бай дәстүрлерін халықаралық деңгейде насихаттау. Оған бес елден 700-дей әртіс, атап айтқанда, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстаннан 30-дан астам өнер ұжымы қатысты.   

1521031367_article_b_1500_

Алғаш рет ұйымдастырылып отырған мұндай ауқымды шара ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, мәдениетімізді, заманға сай одан әрі байыта түсті десек, артық айтқандығымыз болмас. Соны бүгінгі жас буынның санасына сіңіре отырып, жаңа ұрпақ қалыптастырудың маңызы зор.

–Тамырын тереңнен тартатын дәстүріміздің, мәдениетіміздің, өнеріміздің арқасында қазір еліміз әлемдік аренада айшықты орнын алды. Бұған басты негіз – қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық, халықаралық, дінаралық, ұлтаралық татуластық болып табылады. Осының барлығы – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы жүргізіп отырған сарабдал саясаттың жемісі мен жеңісі. Президенттің халықтың әл-ауқатын көтеру үшін инфрақұрылымды дамыта отырып, өскелең ұрпақты бәсекеге қабілетті болуға шақырған үндеуін қазақстандықтар толықтай қолдайды. Бұл ретте, бізді ұлттық рухтың биіктігі, салт-дәстүр мен мәдениетке беріктігіміз алып шығады.

– Ұлы Абайдың «қырдағы ел ойдағы елмен араласып» дегеніндей, бұл форумды еліміздің әр түкпірінен, Астанамен  Алматыдан, тіпті, шетелдерден келген қонақтар тамашалауда. Бір-бірімен көрісіп, құшақтасып, күлімдесіп жатыр. Осының өзі неге тұрады? Сондықтан, баршамыздың бірлігіміз жарасып, ынтымағымыз арта бергей! – деді аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев.

Бұрын-соңды болмаған театрландырылған көріністер көп көңілінен шықты. Онда «Көрісу» рәсімінің мән-маңызы айтылды. Сонымен қатар, Атыраудағы ұлттық этнобірлестіктер орталығы өз киіз үйін құрды. Ұлттық тағамдарын ұсынып, салт-жоралғыларымен таныстырды. Ал, қала тұрғындары мен қонақтары ұлттық спорт түрлерінен бақтарын сынауға мүмкіндік алды. Жеңімпаздар бағалы жүлделермен марапатталды.

– Биылғы көрісудің жөні бөлек. Жергілікті өнерпаздардан басқа, өзге елдерден келген түрлі ұлт өкілдерінің ән шашуы күтпеген сый болды. Көрнекі декорация, ұлттық нақышта безендірілген сахна мерекенің мәнін арттыра түсті, – дейді Атырау қаласының тұрғыны Аңсаған Қуанышева.

Алаңдағы шарада Мархаба Сәби, Әли Оқапов, Арсланбек Сұлтанбек, Қырғызстаннан – Роза Аманова, Түркиядан – Ирфан Гюрдал және өзге де эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

Амандық Сағынтайұлы

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*