Жаңа орталық – тұрғындар игілігіне

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыстық әкімдіктің қолдауымен Исатай ауданында мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған халыққа қызмет көрсету орталығының ашылу салтанаты болып өтті.

Жаңа орталық – тұрғындар игілігіне

Шарада аудан әкімі Марат Мурзиев пен Исатай ауданының перзенті, Жылыой ауданының Құрметті азаматы Ғаббас Хисметуллин аудан тұрғындарын құттықтаса, филиал директоры Мұса Хайруллиев пен «Құрмет» орденінің иегері, Құрманғазы, Исатай аудандарының Құрметті азаматы Зұлбыхар Сүйінішев жаңа ғимараттың лентасын қиды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, бүгінгі таңда халыққа қызмет көрсету, тұрғындардың іс-құжаттарын рәсімдеу, қолжетімділікті арттыру еліміздің басты жетістіктерінің біріне айналуда. Осының бір дәлелі – бүгіннен бастап аудан тұрғындары өздеріне ыңғайлы, әрі жаңа орында мемлекеттік қызметке қол жеткізе алады», –  деді Исатай ауданының әкімі Марат Бисенғалиұлы.

Енді бөлімнің 19 қызметкері екі қабатты ғимаратта 30 мыңға жуық аудан тұрғынына қызмет көрсетеді.

Бұрын бөлімнің ескі ғимаратының қызмет көрсету залы 40 шаршы метр болса, қазіргі жағдайда 200 метрді құрап, 5 есеге ұлғайғанын айта кету керек. Яғни, бір мезетте 50 адамды қабылдауға толық мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, өз-өзіне қызмет көрсету секторы да кеңейіп, халықтың цифрлық сауаттылығын көтеруге жағдай жасалуда, – деді филиал директоры Мұса Хайруллиев.

Бұл бөлімде жыл басынан бері 42 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*