Жаңа оқу жылынан бастап 5-7 сыныптар «Өлкетану» пәнін оқиды

Жаңа оқу жылында орта білім беретін мектептердің 5-7 сыныптарында «Өлкетану» пәні оқытылатын болады. 

39137874_222371328455948_6449787834768293888_n

Көлемі 20 сағаттан тұратын «Өлкетану» курсы бағдарламасын ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген. Ол «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған. Тапсырмаға сәйкес Атырау облысында «География», «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан тариxы», «Музыка» пәндері аясында оқытылатын Атырау облысының «Өлкетану» оқулығы құрастырылды.

Оқулықты сараптау жұмыстарына Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылық құрамы, облыстық архив, тарихи-өлкетану, көркемөнер музейлерінің ғылыми қызметкерлері, өлкетанушылар, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау инспекциясының қызметкерлері, облыстың білім беру ұйымдарының тәжірибелі педагогтары қатыстырылды. Оқулықтың мазмұнында өңірлік сараптамалық кеңестің ұсыныстары толығымен ескерілді.

Оқулықта мазмұны жағынан бағдарлама талаптары толықтай қамтылып, оқу материалын іріктеуде оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілген. Оқушылардың логикалық қабілетін дамытуға, зияткерлік интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тапсырмалар көп берілген. Тапсырмалар оқушының өз ойын жеткізуі, қорғауы және дәлелдеуіне құрылған. Өз бетімен, екеулеп немесе топпен орындауға арналған тапсырмалар бөліп берілген. Оқулықтағы шартты белгілер оқушы қай бағытта жұмыс жасайтынына бағдар береді. Жазылу тілімен стилі қазіргі әдеби тіл нормаларына сәйкес, мәтіндердің баяндалу тілі анық,ұғынуға жеңіл, – дейді “Рухани жаңғыру” жобалық кеңсесінің мамандары.

Оқу материалдары балалардың түсінігіне ыңғайлы және қарапайым. Оқулық «Жазушы» баспасынан шығарылуда.

Хорлан Смадияр

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*