ЖАҢА ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚУАТ

Атыраулық энергетиктердің жаңа еңбек табысына ортақтасқан облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов жиналғандарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап:

– Елбасының бастамасымен республиканың барлық аймағында индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Осы орайда біздің облыста биыл жалпы құны 29 млрд. теңгелік 11 жоба іске қосылмақ. Қазір екінші бесжылдық жоспары сәтті басталды, – деді.

Аймақ басшысы айтқанындай, жаңа жоба мәреге жеткен соң кәсіпорын қуаты 414 меговатқа жетіп, облыс сұранысын толық қамтамасыз етеді. Демек, өңірдегі жаңа өндіріс ошақтарының тапсырысын орындауға мол мүмкіндік бар. Оның үстіне, алдымыздағы жылға тағы да тың жоспарлар белгіленіп отыр. Сол кезде атыраулық энергетиктер электр энергиясын көрші аймақтарға тарата алады.

Жалпы, «Атырау жылу-электр орталығы» акционерлік қоғамының президенті Мұхамбетқали Қалиевтің айтуынша, жаңа жоба тұтас аймақтың электр және жылу энергиясына деген сұранысын толық қамтамасыз етеді. Осылайша, жарты ғасырдан аса тарихы бар Атырау энергетикалық кешені тағы бір тың белесті бағындырды.

 

Меңдібай СҮМЕСІНОВ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*