ЖАҢА ДӘУІРДІҢ КЕМЕЛ КЕЛБЕТІ

 Ұлттық экономиканы дамыту жолында студенттердің белсенділіктерін көтеруді көздеген конференцияда  «Шағын және орта бизнесті дамыту – XXI ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы», «Тіл – өркениетті дамытудың ұлттық капиталы», «Заманауи әлемдегі сот және құқық», «Агроөнеркәсіп кешенін дамыту», «Компьютерлік модельдеу мен ақпараттық технологиялар» деген бағытта баяндамалар оқылды. Конференцияда Атырау Бизнес және құқық, Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық, арготехникалық, политехникалық, медицина, индустриалды, энергетика және құрылыс, мұнай және газ технологиялық колледждер студенттері қатысып, жақсы мағлұматтар алды. 

Ғылыми-тәжірибелік конференцияда студенттер – Нұрсұлтан Мәдениетов, Виктор Попов, Еламан Малайдаров, Раушан Тілегенова, Айзада Муафих, Меңдігүл Иманғалиева, Тимур Аяубаевтың жобалары жоғары мәнге ие болды. 

Лиза СЕЙТІМОВА.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*