Жаңа бағдарламаның жаңалығы көп

Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы қаламыздағы №34 лингвистикалық мектеп-гимназиясында да өтті.

білім

Жиынды мектеп директоры Дәмелі Ізбасқанова ашып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ата-аналарға жариялаған Үндеуін оқыды. Одан кейін жиналыстың мақсатын түсіндіріп, күн тәртібімен таныстырып өтті.

Бірінші және екінші мәселе бойынша №34 лингвистикалық мектеп-гимназиясындағы «Қорғаншылық кеңесінің» жұмысымен таныстырды. «НКОК НВ» компаниясы, Атырау қалалық ішкі істер бас-қармасы жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция бөлімшесі, «Насиха» сауда орталығы, мектеп асханасын   жалға алушы жеке кәсіпкер Роза Құбашева тарапынан жасалған демеушілік шараларын атап айтты. «Қорғаншылық кеңесі» құрамын, кеңестің жалпы ережесін, міндеттері мен қағидаларын түсіндірді.

Жаңа форматтағы ҰБТ-ның және мектеп бітірушілердің іс-шарасы туралы мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Светлана Сахаева баяндама жасады. Мектеп бітіруші 35 оқушының 34-і ҰБТ-ға қатысатынын, олардың да-йындықтары жайлы да хабардар етті.  Ағымдағы жылдың ерекшелігі мектеп бітірушілер бес пән бойынша емтихан тапсырып, қорытынды аттестат-таудан өтеді, сөйтіп, кәмелеттік аттестаттарын алады. Қалаған мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарына құжаттарын тапсырып, ҰБТ-дан өтетін болады. Жоғары оқу орнының студенті болу үшін ең кемінде 50 балл жинауға тиісті. Егер оны жинай алмаса, осы жылдың тамыз айында және 2018 жылдың қаңтар айында қайтадан ҰБТ тапсыруға ерікті. Биыл мектеп бойынша «Алтын бел-гіге» үміткер Асылжан Ниязова деген бір ғана оқушы екен.

Сондай-ақ, бағалау критерийлерінің өзгеруі де сөз болды. Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша 2016-2017 оқу жылында 1-сыныптар ғана оқыған еді, келер оқу жылында 2, 5, 7- сыныптар критериалды бағалауға көшетін көрінеді, мұға-лімдер де дайындық курстарында оқып келіпті. Сонымен қатар, химия, физика, математика пәндері қазақ және ағылшын тілінде өтетін болады. Мектеп мұғалімдері осы өзгеріске орай ағылшын тілінен курстарда оқып, білімдерін көтеруде. Электронды журнал жүзеге асатын болады.

Бұл бағдарламалардың маңызы сонда, ол бойынша баланы қолдау, жан-жақты көмек көрсету, мұғалім мен ата-ана байланысы жүзеге аспақ. Жиында аталған мәселелер кеңінен талқыланып, ата-аналар да өз пікірлерін ортаға салды. Ата-ана сауалдарына мектептің педагогикалық ұжымы толық жауап берді.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*