Жүйріктер озды жарысқанда…

Атырау «Білім-Инновация» лицейі оқушылары Алматы қаласында өткен халықаралық «INFOMATRIX-ASIA 2018» компьютерлік жоба жарысынан жүлдемен оралды. С.Демирел университеті ұйымдастырған сайыста жоғары сынып оқушылары барлығы жеті номинациядан бақ сынады.

IMG_0773-18-04-18-03-01

Соның ішінде робототехника бағытында лицей оқушылары Еркін Жақсылықов, Алтайыр Қосымбаев, Тілекқабыл Ғарифолла бірінші орынды жеңіп алды. Ал, қысқаметражды фильм түсіру номинациясында Жасұлан Серік, Рамадан Марат, Сұлтан Мақсотов екінші орынды иеленсе, математикалық жобалардан Алтайыр Қосымбаев үшінші орынды қанжығаға байлады.

Аталған жарыста әлемнің түкпір-түкпірінен 400-ден аса өнертапқыш ақпараттық технологиялар саласында өз өнерлерін көрсетті. Биылғы байқаудың бағдарламасы ерекше ауқымда болды. Робототехника көрмесі мен роботтар сайысы, футбол турнирі, мәдени ойын-сауық шаралар да өтті.

Айта кету керек, бұл жоба Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асырудағы жұмыстың бірі болып есептеледі.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*