Жұқпалы ауруларды қайтсек азайтамыз?

Өткен жылы облыста эпидемиологиялық ахуал тұрақты болды. Дегенмен, бұрынғы жылдармен салыстырғанда, өңірде жұқпалы аурулардың бес түрі өршіп тұр. Олардың қатарында жіті ішек аурулары, сальмонеллез, жіті вирусты гепатит, жіті респираторлық вирустық жұқпалар және бруцеллезді атауға болады. Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаевтың төрағалығымен өткен облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдарының есептік жиынында кеңінен талқыланды.

????????????????????????????????????

Өкпе дерті өсіп кетіпті

Облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Өмірзақ Зинуллиннің баяндауынша, тыныс жолдары туберкулезімен аурушаңдық көрсеткіші 100 адамға шаққанда 66,7 пайызды көрсетіп отыр. Бұл көрсеткіш республикалық деңейден 19,9 есеге жоғарылаған. Қазіргі күні аймақта туберкулездің белсенді түрімен ауыратын есепте тұрғандардың саны 1041 болса, 2015 жылы 1248 науқас тіркеліпті. Бұл дегеніміз, жасалынып жатқан жұмыстардың нәтижесінде, ауру көрсеткіші 18 пайызға азайғанын білдіреді. Алайда, талдау нәтижесі көрсеткендей, Құрманғазы ауданында бұл  дертке шалдыққандар саны төмендемей тұр. Аталмыш ауданда жасөспірімдердің туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші бүгінгі күні 259,4-ке жетсе, 2015 жылы 209,1 пайыз болып келген.

Бұдан бөлек, Атырауда соңғы жылдары бруцеллез ауруы белең алып келеді. Өткен жылы облыста 55 ауру тіркеліп, 2015 жылмен салыстырғанда екі есеге өскен. Бір ғана Қызылқоға ауданында 31 ауру анықталған.

«Халықтың бруцеллезбен аурушаңдығы, оның өсуі Қызылқоға, Индер аудандарындағы ауыл шаруашылығы малдары (әсіресе, ұсақ мал – қой, ешкі) арасында бруцеллездің таралуы және онымен күресудің кейбір проблемалық мәселелерімен байланысты болып отыр», – дейді Өмірзақ Зейноллаұлы. Облыстың бас санитар дәрігері баяндамасын әрі қарай өңірде жұқпалы аурулардың балалардың арасында кеңінен тарау себебін педиатр дәрігерлердің жетіспеуімен байланыстырды.

 

Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі

Өңірде өзекті болып отырған мәселелер төңірегінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Ислямұлы аудан әкімдеріне, сала мамандарына онлайн режимінде сауал жолдап, оның шешілу жолдарын сұрастырды.

Талқыланған мәселенің ал-ғашқысы, Құрманғазы ауданында жасөспірімдердің арасында таралып тұрған туберкулез ауруы болды. Мұның себебін мамандар «ауданда тіркеуде тұрған, бірақ қалада жұмыс жасап, оқуға кеткен жастардың арасында байқалуда. Ауылда дұрыс тексерілмейді де, қалаға келіп медициналық анықтама үшін рентгенге түскенде анықталған» – дейді.

Құрманғазы ауданы бойынша, 60 адам туберкулез ауруымен есепке алынған. Оның 12-сі Құрманғазы ауданында тіркелгенімен, өздері қалада жұмыс жасайтындар болып шықты. Олардың  алды алты жылдан бері тұрғылықты мекен-жайларынан жырақта тұрып жатқандар. Құрманғазылық дәрігерлердің жүргізген сараптамасына орай, жұмысқа, оқуға кеткендердің көбі толыққанды тамақтанбайды, оның үстіне пәтер жалдап жүреді. Арзан тұратын үйлердің жағдайы қандай екені айтпаса да түсінікті. Негізінен, мұндай әлеуметтік ауруларға мемлекет тарапынан қаржы қаралған, жергілікті атқарушы билік, алдағы күндері аурудың себебін анықтап, олардың отбасыларына көмек көрсетуді де алға қойғанын айтты.

 

Насихатты күшейту – маңызды

Ал, Қызылқоға ауданының әкімі Мақсот Мұқанов бруцеллез ауруын жою мақсатында жасап жатқан жұмыстарына тоқталды.

– Қазір ірі қара малдардың арасында бруцеллез ауруына қарсы залалсыздандыру шаралары жасалды. Ендігі кезектегі мәселе, дерттің адамдардың арасына тарауы болып отыр. Аурудың қоздырғышы табыл-ған отызға жуық адамның бәрін есепке алдық. Емін қабылдауда. Қайталап ауырып жатқандар жоқ. Алты ай, бір жылда қайта тексерістен өтіп тұрады. Егер, қайта ушығу байқалмаса, есептен шығады, – деді Мақсот Сайполұлы.

Жиында Ғұмар Ислямұлы бұл аурумен күрестің баяу жүріп жатқанын  баса айтты. «Алдын алуға қаржы бөлінуде, техника алынды, мал сою пункттері де ашылды. Профилактикалық шараларға назар аударудамыз. Бірақ, індет тыйылар емес, соңғы бес жылда мал басы өспей тұр. Оның үстіне, көрші ауданға, қалаға малды тасымалдаудың салдарынан індет кеңінен тарап отыр», – деді.

Кеңес үкіметінен бері келе жатқан бруцеллезді түбегейлі жоюға сала мамандары барынша жұмыстануда. Ветерина- риялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Ғалымбек Би- сенғалиев, облыстық ветеринариялық басқарманың бөлім басшысы Серік Қиялбаев, облыстық энергетика және тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ғалидолла Меңдіғалиев сөз алып, індеттің алдын алу жолдарына тоқталды. Айтуларынша, жұқпалы ауруды болдырмаудың бір амалы – профилактикалық шаралар мен ағарту жұмыстарын қолға алу.

Нұргүл ЫСМАҒҰЛОВА

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*