«Жәннат» драмалық қойылымның премьерасы өтеді

Атырауда «Жәннат» драмалық қойылымның премьерасы өтеді.

2018_09_07_103217325200

Жаңа қойылымның «тұсаукесері» облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен және «Жас интеллектуал» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен болғалы отыр.

Қойылымның негізгі мақсаты – жастардың жат діни ағым жетегінде кетпеуіне ықпал ету, дәстүрлі дін, мәдениет, тарих, салт-дəстүрлер жөнінде білім деңгейін арттырып, отбасылық тəрбиені қалыптастыру.

Ал «Жәннат» драмалық қойылымның авторы – елімізге белгілі режиссер Мұқанғали Томанов.

Премьера 10 қыркүйек күні, сағат 19.00-де Құрманғазы мәдениет сарайында өтеді деп жоспарланған.

Кіру тегін.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*