ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ ҚАЙТСЕК ЖОЯМЫЗ?

Осы және өзге де мәселелер жан-жақты талқыланған «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалы сайлауалды тұғырнамасының «Халықты жұмыспен қамту және халық табысы» бағыты бойынша сараптамалық топтың кезекті отырысы өтті.

Жиын барысында Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрлы Хабиева баяндама жасап, ағымдағы жылдың сегіз айы ішінде атқарылған жұмыстармен таныстырды. «Жыл басынан бері бөлімге 4615 азамат жұмыссыз ретінде тіркелсе, олардың бүгінде 1369-ы тұрақты жұмысқа орналасты. Ал, өзгелері уақытша ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып, әлеуметтік жұмыс орындары мен кәсіби оқыту және қайта даярлау курстарына жіберілді. Сондай-ақ, түрлі мекемелердің қатысуымен сегіз мәрте бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылып, нәтижесінде 153 қала тұрғыны жұмысқа қол жеткізіп, еңбекке араласуда. Жыл басынан бері жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан өту үшін 378 адам төрт оқу орнына жіберілді. Оларға бөлінен 14 311,0 мың теңгенің 7 000,0 теңгесі игерілді, – деген ол жүзден астам жұмыссыз шетел компаниялары арқылы кәсіби мамандыққа  даярлау және қайта оқытуға жіберілгенін де мәлімдеді.

Сараптамалық топ отырысында жастардың жалақысы жоғары «жұмысы аз» қызметке жүгіруі, немесе қолында дипломы бола тұра еңбек өтілі жоқтығынан қызметке орналаса алмау мәселесі кең әңгіме болды. Бұл мәселеден хабардар топ мүшелері мәселені сөзбен айтып қана қалдырмай, нақты іске кірісетін уақыт жетті деген тоқтамға келді. Сайлауалды тұғырнаманың «Халықты жұмыспен қамту және халық табысы» бағыты бойынша партиялық тәлімгері Бағыт Шеркешбаева аталған мәселені болдырмас үшіналдыменуақыт талабына сай маман даярлау қажеттігін айтты. Топтың өзге де мүшелері бұл орайда өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. 

Көтерілген мәселеге орай ағымдағы жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарға тоқталған қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Гүлнәр Құспанова өз кәсібін бастағысы келетін тұрғындарға көбіне кепілдеме кедергі болатынын сөз етті.Себебі,«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан несие алу үшін кепілге қояр мүлігің болуы шарт. «Атырау облыстық филиалына жолданған тұрғындарға қолбайлау болып тұрғаны – кепілдеме мәселесі. Бағдарламаның негізгі қатысушылары – жұмыссыздар, оралмандар, аз қамтылғандар және жұмыс жасауға қабілеттілігі бар мүгедектер.

Халықтың нысаналы тобына жататын тұрғындарда шағын несие алу үшін кепілдеме табыла бермейді, табылған жағдайдың өзінде 3 млн. теңге шағын несие алуға кепілдеменің кұны жетпей жатады», – деген Г.Құспанова осы жылы шағын несие алуға ниетті тұрғындардың кәсіпкерлік негіздеріндегі оқу курсынан кеш өткізілгенін де жасырмады.

Айтуынша, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Атырау облыстық филиалы кәсіпкерлік негіздерінде оқу курсынан өткендігін растайтын сертификат болмағандықтан шағын несие бере алмайды. Ал, биылғы жылы кәсіпкерлік негіздеріне оқыту  тек шілде айында ғана өткізілген.

 

Мәлике МӘЛІКҚЫЗЫ,

Суретті түсірген

Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*