ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ

Жиын барысында ағымдағы жылы алға қойылған жұмыстар рейтингісі де талқыланды. Бұл ретте сөз алған Атырау қалалық мәслихатының депутаты Асқар Бопылдықов «Ауыл жастарын айтпағанда, қаладағы жас буын өкілдерінің кейбірі жүзеге асып жатқан мемлекеттік бағдарламаларды білмейді. Атап айтқанда, тұрғын үй алудың шарттары, кәсіппен айналысуға беріліп жатқан мүмкіндіктерден мүлдем бейхабар замандастарымыз бар. Сондықтан, әр мекеме өкілдерінің қатысуымен қала маңындағы ауыл жастарымен жиі кездесу ұйымдастыру керек» деген ойын айтты.

Одан әрі қатысушылар ауыл тұрғындары мен депутаттар арасындағы байланысты нығайту, құқық қорғау қызметкерлерімен бірлескен рейдтер ұйымдастыру сынды мәселелерді көтерді.

Мәжіліс барысында депутаттық фракция құрамы толықтырылып, оған Жандарбек Ермұханов мүшелікке қабылданды.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА. 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*