ЖҰМЫЛҒАН ЕЛДІҢ ЖЕҢІСІ КӨП

Жолдауда берген тапсырмаға сәйкес облысымызда спорт саласында қарқынды өзгерістер орын алуда.  Соның айғағы – қаламызда жыл санап емес, күн санап халыққа қажетті спорт кешендерінің ашылуы.

Мәселен,  өткен жылы Нұрсая ықшамауданында заман талабына сай бой көтерген дене шынықтыру-сауықтыру кешені көптің игілігіне берілді. Олимпиадалық резервін дайындау орталығына айналған бұл кешен жастарға үлкен мүмкіндіктерге жол ашып отыр. Өйткені, спортшы жастардың болашақта олимпиадалық ойын түрлеріне қатысып, жоғары халықаралық дәрежеге жетулеріне септігін тигізері сөзсіз. Кешенде волейбол, таэквондо, бокс, көркем гимнастика, еркін күрес, дзюдо және грек-рим күресіне арнап база және жаттығу құрылғысы да берілді. Спорт кешені стандартқа сай салынып, спорттық құрал-жабдықтармен толықтай жасақталған.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, болашақта бірлесе отырып қарқынды жұмыс атқарсақ, спортшыларымыздың үлкен жетістікке жетуіне қол жеткізуге болады.

Аймақ басшысының баяндамасынан облыста спортты дамыту бағытында оң беталыс бар екендігіне көз жеткіздік. 

Марат ЖАНҒАЛИЕВ, олимпиадалық резервін дайындау орталығының директоры.

Дайындағандар: Бақытжан ЖҰМАТ, Баян Атайманқызы.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*