Жүк пойызы мен автобус соқтығысып, 4 адам қаза болды

АҚШ-тың Миссисипи штатында ірі жол-көлік апаты болып, 4 адам қаза тапты. Тағы ондаған кісі жарақат алған, дейді “Хабар-24” арнасы.

e62901a76d660e2b7f3697defdee2890_resize_w_520_h_

Оқиға Билокси қаласында болды. Жүріп келе жатқан жүк пойызы жолда тұрып қалған автобусты барып қағып, оны 100 метрдей жерге дейін сүйретіп апарған. Полицияның мәлімдеуінше, отарба жылдамдығы аса қатты болмаған.

«Әйтпесе көп адам опат болар еді», – дейді.

Ал Техастан шыққан автобустың теміржолда қалай тұрып қалғаны әлі белгісіз. Онда 50-дей жолаушы болған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Дереккөз: baq.kz

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*