ЖҮЙЕЛІ ЕСЕП – ДАМУҒА НЕГІЗ

 

Статистика саласында мемлекеттік статистика жүйесін дамытудағы қазіргі таңда қолға алынған басым бағыт – бұл статистикалық үдерістердің барлық қатысушыларының көліктік және коммуникациялық шығындарын қысқартуға, ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау және пайдалану шығындарын төмендетуге мүмкіндік беретін технологиялық прогресс жетістіктерін енгізу. Алға қойылған міндеттерді орындау үшін, Статистика комитеті 2013 жылы «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесін құрып, жобаны іске асыруды аяқтады. Бұл жобада деректерді жинау, өңдеу мен таратуды автоматтандыру және ақпараттық жүйелермен, соның ішінде өзге мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялану көзделген. Бүгінгі күні «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесі мемлекеттік органдардың жиырмаға тарта ақпараттық жүйелерімен табысты интеграцияланған.

 Қазір «е-Статистика» ИАЖ  компоненттерінің ішінен «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесі (АТЖ) мен «Деректерді онлайн режимінде жинау» ақпараттық жүйесін ерекше атап өтуге болады.

«Талдау» АТЖ – пайдаланушыларға статистикалық ақпаратты статистиканың барлық салалары бойынша  республикалық деңгейде, облыстық, қалалық және аудандық бөліністерде графикалық, картографиялық және кестелік түрде бейнелеуге мүмкіндік туғызатын автоматтандырылған жүйе. 

«Деректерді онлайн режимінде жинау» ақпараттық жүйесі арқылы респонденттер статистикалық есептіліктерді онлайн режимінде тапсыра алады. Қазіргі таңда бұл жүйеге 120 статистикалық байқау бойынша статистикалық нысандар енгізілген. Бұл жүйе респонденттерге статистика органдарына келмей, статистикалық есептерді электронды түрде тапсыруға, яғни респонденттерге түсетін жүктемені азайтып, уақытты және шығынды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Аталған жүйелер ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің және аумақтық статистика органдарының ресми интернет-ресурстарында қолжетімді.

Көптеген елдердің халықаралық статистика офистерімен белсенді ынтымақтастық арқасында статистиканың барлық салаларына халықаралық тәжірибе енгізілуде. Сол үшін Дүниежүзілік Банкпен бірлесе отырып, 2012-2016 жылдарға арналған Қазақстанның ұлттық статистика жүйесін нығайту жөніндегі жобаны іске асыру жүргізілуде. Жобаның негізгі мақсаты – пайдаланушыларды халықаралық әдістемелер мен озық тәжірибелерге сәйкес қажетті, уақытылы және дәйекті деректермен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның ұлттық статистика жүйесінің тиімділігі мен нәтижелілігін жоғарылату.

Бүгінде Қазақстанның статистикалық жүйесі жоғары халықаралық стандарттарға сай келеді. Осыған бірқатар кең ауқымды бағалау жүргізген халықаралық ұйымдар республикадағы статистикалық көрсеткіштердің сапасы мен статистиканың БҰҰ қабылдаған негіз қалайтын принциптерінің сақталуын жоғары деп таныды.

Ғасырға жуық тарихы бар Қазақстанның мемлекеттік статистика жүйесі бүгінгі күнге дейін көптеген сапалы өзгерістерге бейімделіп, жетілген даму жолына түсіп, еліміздің маңызды ұлттық институтына айналды. Қазіргі таңда статистика органдары барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен мекемелердің, қоғамдық институттардың және басқа да статистикалық ақпараттарды пайдаланушылардың ресми статистикалық ақпаратқа деген сұранысын толығымен қанағаттандырып келеді.

Галя МҰХАНҒАЛИЕВА, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Атырау облысының статистика департаментінің басшысы.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*