Зейнетақысын жинап, жыл сайын әлемді аралайтын 89 жастағы әже (фото)

Фэйсбук әлеуметтік желісінде Екатерина Папина атты қыздың жазбасы адамдардың назарын аудартты деп жазады massaget.kz.

pogudx3ljdfqg2mch.e8ca1b42

Екатерина Азияға саяхаты барысында Лена есімді красноярлық 89 жастағы саяхатшы әжейді кездестіреді. Айтуынша, қарт әжей осынша жасына қарамастан жыл сайын әлемді аралайды екен. Бір қызығы, әжей ешкімнен қарыз сұрамай, ай сайын алатын зейнетақысын “әлемді көруге” жинайды.

pogudx5a0oltp3sjj.9fde72f1

Екатерина әжеймен таңғы ас кезінде танысқан. Лена әжей соғысқа қатысқан. Соғыста тылда жұмыс істеген. Қызы мен екі жиені бар, бірақ жалғыз тұрады. Дәл солай әлемді де жалғыз аралауды мақсат тұтқан.

pogudx7ng5dt50r2r.d99786b1

Екатерина Папинаның жазуынша, Лена әжей саяхаттауды 83 жасында бастаған екен. Ешкімнен қарыз алмай, өз зейнетақысын жинап, жылына 1-2 рет әлемге саяхат жасайды.

pogudx79s5rg1tf0i.dcb7da7a

“Таяғына сүйеніп жүрсе де, оның денсаулығы саяхаттауға жарайды. Көзі жылдан-жылға нашарлау үстінде. Бір көзі мүлде көрмесе, екінші көзі өте нашар көреді. Ота жасағысы келеді. Алдыңғы жолы жасатқан отасы сәтсіз шыққан. Красноярскте турагенттіктің көмегіне жүгініп, жыл сайын баратын елінің жолдамасын алып тұрады. Әжей жалғыз ғана сөмкесін арқалап жүре береді. Сөмке ауырлық туғызса да, оған әр жерде көмек қолын созатын мейірімді жандар табылады”, – деп жазды ол.

pogudxqr3hbehhifs.5494d7a1

pogudx7hp9p2ku80j.6f93e07b

pogudx36hvs19f3q8g.76b77237

pogudx7gj3hnd8aav.0b0f2269

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*