Зейнетақы мен жәрдемақы

Қандай мөлшерде қолға тиеді?

Бәрімізге белгілі, Елбасымыз өзінің Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауының бәрінде тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына орасан зор мән беріп, барынша оны жақсартуға жұмыстанады. Осы мәселеге орай бүгін біз ҚР Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Мәншүк ЛЕПЕСОВА ханыммен сұхбаттасып, алдағы жылы зейнетақы мен жәрдемақыға енгізілетін өзгерістерді сұрап білдік.

%d1%85%d0%b0%d0%b1%d0%b0%d1%802

– Алдағы 2017 жылдың 1 қаңтарынан ең төменгі күнкөріс деңгейі 24 459 теңгеге дейін көтерілді, ал, ол 2016 жылдың 1 қаңтарынан 22 859 теңге болған. Осыған байланысты зейнеткерлік базалық төлемдер 12 802 теңге болады.

Сонымен қатар, 2017 жылдың 1 қаңтарынан зейнетақы мөлшерінің барлығы 9 пайызға арттырылды.

– Біздің облыста қанша зейнеткердің зейнетақысына өзгеріс енгізіледі, категориялары бойынша жіктеп айтсаңыз?

– Атырау облысы бойынша 53 мыңнан астам зейнеткердің зейнетақы мөлшері өзгертіледі. Ең аз күнкөріс деңгейінің мөлшері 22 859 теңгеден 24 459 теңге болып өзгеруіне байланысты барлық әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақы мөлшерлері де өзгертіледі.

Мүгедектігіне, жалпы аурулығына байланысты

І  топ  үшін  40 690 теңгеден 43 538 теңге,

ІІ топ  –  31 775 теңгеден 33 999 теңге,

ІІІ  топ – 22 402 теңгеден 23 970 теңге болды

16  жасқа дейінгі бала жастан мүгедектерге 29 946 теңгеден 32 042 теңгеге жетті.

Бала жастан, және 16 жастан 18 жасқа дейінгі  мүгедектерге

І топ үшін  40 690 теңгеден  43 538 теңгеге,

ІІ топ  –  33 146 теңгеден  35 466 теңгеге,

ІІІ топ  –  26 060 теңгеден  27 884 теңгеге  өсті.

Осылармен қатар бала 1 жасқа жеткенше күтіммен отыр-ған аналарға:

Бірінші балаға  12 217   теңгеден   13 070 теңгеге

Екінші балаға  14 445   теңгеден   15 452 теңгеге

Үшінші балаға  16 650   теңгеден   17 812 теңгеге

Төртінші және одан да көп балаға 18 877 теңгеден  20 195 теңгеге көбейеді.

Бірінші, екінші және үшінші бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы мөлшері 66 621 теңгеден 71 270 теңгеге өсірілді. Ал төртінші және одан кейінгі бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақылардың мөлшері 111 035 теңгеден 118 783 теңгеге дейін өзгертіледі.

Барлығы облыс бойынша 185 мыңнан астам әлеуметтік төлем алушылардың төлем мөлшері өсіріледі.

– Мәншүк Сиранқызы, Елбасымыз 2017 жылы зейнетақы мөлшері 20 пайызға өседі  деді. Соны тарқатып айтсаңыз.

– Иә, жыл басында – 9, алдағы шілденің 1-інен бастап 11 пайыз-ға өседі. Ал, 2018 жылдың 1 шілдесінен базалық зейнетақы мөлшерін есептеу тәсілі (еңбек өтіліне қарай) өзгереді.

– Әңгімеңізге көп рахмет.

Лиза СЕЙТІМОВА

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*