Зекет беру – сауапты іс

Исатай. Садақа беру – үлкен сауапқа кенелтетін ізгі амалдардың бірі. Таяуда аудандық мешітте бір кәсіпкер зекет садақасын үлестіріп, көптің алғысына бөленді.

h2Ntfp2jeBkfpJeu-lg

Ауданның бас имамының айтуынша, қазіргі таңда мешіттегі мұқтаж жандар тізімінде 30-ға жуық отбасы бар екен. Таратылған зекеттен солардың ішіндегі жағдайы төмен деген  сегіз  шаңырақтың әрқайсысына 50 мың теңгеден тиген.

«Мешітке әкелінетін садақалар мен сойылатын малдардың етінен тізімдегі әр отбасыларды құр қалдырғымыз келмейді, барын беріп отырамыз. Алайда, бұл жолғы қайырымдылықтың жөні бөлек. Өйткені, зекет – жай нәпіл садақалардан емес, ауқатты мұсылмандардың мойнына жүктелген парыз» деген ауданның бас имамы Қ.Бақтығұлов бұның аудан мешітінде беріліп тұрған алғашқы зекет екенін де айтып өтті.

Аталмыш игіліктің сауабын еселей түсетін тағы бір ізгі қадам – кәсіпкер атын жарияламауды өтінген.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*