ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

Атырауда өткен білім беру саласы қызметкерлерінің спартакиадасы өз мәресіне жетті. «Спорт – нашақорлыққа қарсы!» ұранымен жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келетін аймақтық додада осы жолы Әділет Фазығалиев, Зүлфия Жұмаева, Светлана Кибашева, Нұрлан Сиғуатов, Ерболат Алпысбаевтар үздік ойыншылар қатарынан көрінді.

Турнирдің жабылу салтанатында облыстық білім беру басқармасының басшысы Берікқали Сәрсенғалиев, Білім және ғылым саласы қызметкерлерінің облыстық кәсіподағы басшысы Қилымғали Қайненов  пен Атырау аймақтық дене тәрбиесі мен спортты дамыту орталығының директоры Садыржан Жекенов барлық командаларға алғысын білдіріп, құттықтады және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады. 

Жалпыкомандалық есепте Исатай ауданының командасы жеңіс тұғырынан көрінсе, құрманғазылықтар мен жылыойлықтар кейінгі орындарға жайғасты. Атыраулық ұстаздардың еншісіне төртінші орын бұйырды.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*