Үздіктер анықталды

Атырауда «Жасай бер, Қазақ елі!» тақырыбымен өткен республикалық жыраулар байқауы мәреге жетті.

0639

Сайыс нәтижесінде, бас жүлдеге оралдық жырау Ораз Фархад лайық деп танылып, жеңімпазға 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақы табысталды. Алматыдан келген Серік Адай бірінші орынды иеленді. Екінші орынды Астана қаласының намысын қорғаған Қоныс Дарменбайұлы мен қызылордалық Күнсұлу Түрікпенқызы бөлісті.

0636

Үшінші орын маңғыстаулық Темірбек Ерсайынұлы, алматылық Жасұлан Тұрғазыұлы мен атыраулық Ідірбай Байбақтыға бұйырды. Жеңімпаздарға қаржылай сертификаттарды табыс еткен Атырау облысы дін істері басқармасының бөлім басшысы Мұхтар Ізғалиев, жыраулар байқауының мақсаты – мәдени құндылықтарды өскелең ұрпаққа жеткізу екендігін атап өтті.

0635

Айта кеткен жөн, іріктеу кезеңінде еліміздің түкпір-түкпірінен 30-дан астам туынды келіп түсіп, қазылар алқасының шешімімен ақтық сынға 7 үміткердің шығармасы жіберілген. «Шапағат» деструктивті ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы ұйымдастырған шара аясында, «Экстремизмге жол жоқ!» атты облыстық баннерлер байқауының үздіктері де  марапатталды.

0630

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*