«ҮЗДІК ЭССЕ –2015» БАЙҚАУЫ

«Дөңгелек үстелде» заң ғылымдарының магистрі Бэлла Тәжіғарина Конституцияның маңызына, ал, Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының  Қазақстан  халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Жанат Асабаева Қазақстан тәуелсіздік алған соң жазылған Ата Заңда тіл, ұлт, диаспора ұғымдары ерекше атап өтілгеніне тоқталды.

Басқосу барысында Казақстан Конституцияның хронологиялық  тарихы, Заң мен діннің  байланысы және діни мәтіндегі зайырлық принциптері,  қазақ жерін мекен еткен көп ұлтты халықтың ауызбірлігін бұзбай, мемлекеттің құдыреттілігін арттырып, әлемдік көштен артта қалмай, дамыған отыз ел қатарының биігінен көріну мақсаттары жайлы да әңгімеленді.

Шара соңында  курс тыңдаушылары арасында «Қазақстан Республикасының Конституциясы – қалыптасқан мемлекеттің негізгі заңы» тақырыбында ұйымдастырылған «Үздік эссе – 2015» байқауы қорытындылады. Нәтижесінде І дәрежелі дипломмен Атырау облысы білім саласындағы бақылау департаментінің бас маманы Гүлбану Ақбергенова марапатталса,  ІІ және ІІІ жүлделі орындарды құрылыс басқармасының бас маманы Нұрлыбек Сақпаров пен облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы Асхат Қалауовтар өзара бөлісті. 

Рита ӨТЕУҒАЛИ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*