Зауыт құрылысына жаңа мердігер таңдалмақ

Қызылорда облысында салына бастаған жаңа шыны зауыты құрылысының мердігері қайта ауыспақ. Бұл туралы Астанада Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Қазақстанның Даму банкі» АҚ басқарма төрағасы Болат Жәмішев хабарлады.

yh6FN6IxBwo

– Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізушілер анықталмаған, қарыз алушылар мердігер ұйымды таңдау бойынша шаралар жүргізілуде. Жобаға қатысушылар өздерінің жүктелген міндеттерін орындаған жағдайда жоба іске асырылады деп күтілуде. Банк сараптамасы аясында жобалық және технологиялық тәуекелдер талданып, өз шеңберінде бағаланды,-деп өз ойын ортаға салды Болат Жәмішев.

– Бүгінгі таңда «ORDA GLASS» жаңа тағайындалған басшысы екі апта ішінде мердігерлер бойынша ұсыныстарды жеткізеді. Бүгінгі таңда  бұған бірнеше мердігер, оның ішінде шетел мердігерлер де қатысуға ниет білдірген. Осы көлемді орындау үшін ұсынылған қаржыландыру көлемін нақтылау мәселесі талқыланып отыр. Екі апта ішінде шешіліп, нысанның құрылысы жалғасатын болады,- деп түсіндірді басқарма төрағасы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*