Заңды белшеден басқан Өзбекстан азаматы елден шығарылды

Атырауда заңды белшеден басқан Өзбекстан азаматы елден шығарылды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

1

Ол қолында пойызбен жол жүру билеті бола тұра, сот қаулысы заңды күшіне енген соң өз еркімен елден шығуға міндеттенген, алайда талапты орындамаған.

Сот отырысында сотталушы А. өзіне тағылған айыпты толық мойындап, еліне кетуге міндеттеме алып, пойызбен жол жүру билетін сатып алғанын, бірақ өз елінде жұмыс болмауына байланысты Атырауда қалып, табыс тапқысы келгенін айтты.

Жылыой аудандық сотының үкімімен Өзбекстан азаматы Қылмыстық Кодекстің 393-інші бабымен кінәлі деп танылды. Сөйтіп Қазақстан Республикасының  шекарасынан 5  жыл мерзімге шығарылып, 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 56 725 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Айдос Қарабала

Фото pervo.ru сайтынан алынған

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*