«Өз айыппұлың туралы біл!»

ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитеті Атырау облысы бойынша басқармасы жергілікті Әкімшілік полиция өкілдерімен бірлесе отырып қала жұртшылығына комитеттің ақпараттық сервистің «Өз айыппұлың туралы біл!» бетшесі жөнінде толық мағлұмат берді.

photo_4658

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Атырау облысы бойынша басқармасының бөлім бастығы Сәуле Төлегенованың түсіндіруінше, көп реттерде тұрғындар комитетті (аумақтық басқармалар) сотталғаны туралы анықтамамен ғана байланыстырады.

– Құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мазмұны мен форматын қайта қарау «Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті – әр үйге» жобасы аясында жүзеге асады. Бұл жоба қарапайым азаматтардың құқықтық ақпараттарға деген сұранысын қанағаттандыруға, сондай-ақ тұрғындардың прокуратура органдарына деген сенімін арттыруға бағытталған, – деді Сәуле Төлегенова.- Күні бүгінде комитет 12 инновациялық жобаны қолға алды. Аталған жобаның мақсаты –оның ақпараттық сервистерін жұртшылықтың кеңінен пайдалануға мүмкіндік алып, сол арқылы қажетті мәліметті білуге үйрету. Бүгінгі жұртшылыққа түсіндіру жұмыстары барысында көлікті тіркеу, дәлірек айтқанда, төленбеген әкімшілік айыппұл жөнінде мәлімет берілді.

Атап айту керек, егер айыппұл уақытында төленіп, бірақ түбіртегі жоғалып қалса, оны растайтын құжатты Комиеттің http://service.pravstat.kz ақпараттық сервисіндегі «Өз айыппұлың туралы біл!» бетшесінен алуға болады. Ол үшін жеке куәлік пен ЖСН нөмірін енгізу қажет. Ал, электронды сандық қолтаңбамен расталып, қағазға бастырылып шығарылған хабарламаның ресми құжат күші бар. Тұрғын оны айыппұл салған орган өкіліне төленгені туралы белгі ретінде көрсете алады.

Комитеттің мүмкіндіктері жайында халықты кеңінен ақпараттандыру үшін Facebook, Вконтакте, Twiter әлеуметтік желілерінде парақшалар ашылған, қолданушылар онда жарияланған хабарларға баға бере отырып, өздерінің ұсыныс-пікірлерін көрсете алады, – деп толықтырды Сәуле Төлегенова.

Бұдан бөлек, тұрғын өзіне қатысты айыппұл туралы, іздеудегі күдікті жөнінде, сондай-ақ алименттен жалтарып жүргендер жайында  біле алады.

– Мұндай заң бұзушылықтар тіркелген жағдайда орталықтандырылған мәліметтер базасында көрсетіледі. Осындағы «төлеу» парақшасына түймені басу арқылы Қазақстан Республикасы электронды Үкіметінің порталының төлем шлюзына өтіп, екінші деңгейлі банктер төлем карточкаларынан операциялар жасауға болады. Бұл жолмен төленген айыппұл бірден комитеттің орталықтандырылған базасынан көрінеді. Төленбеген әкімшлік айыппұл жайында жедел мәлімет алу үшін сайтта ұялы телефон нөмірі немесе электронды пошта мекен-жайын жазу қажет. Комитеттегі ақпар лезде хабарлама ретінде жіберіледі, – деді С. Төлегенова.

Айбөпе САБЫРОВА.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*