ЮНЕСКО аясында тойланады

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Санкт-Петерборда Әлихан Бөкейханұлының ескерткіш мүсінінің ашылуына қатысты. Алаш арысы Әлихан Бөкейханұлының 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО шеңберінде тойлана бастады. Түркия астанасы Анкара қаласында алғашқы ғылыми конференция өтті. Оған түріктің зиялы қауым өкілдері мен бір топ ғалымдары қатысты.

20151124104534

Сонымен қатар, елімізден белгілі тарихшылар барып, Әлиханның еңбектерін кеңінен таныстырды. Жиырмасыншы ғасырда қазақтың азаттығы жолында тер төгіп, елдің егемендік алуына ерен еңбек сіңірген қайраткердің ғылыми жұмыстары түрік тіліне аударылды. Алқалы жиында қазақ, орыс және ағылшын тілінде жазылған Әлихан Бөкейхан туралы жаңа кітап таныстырылды.

Нұргүл Ысмағұлова

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*