«Қырқынан шығару» ескерткіш монеталары

Жуырда ҚР Ұлттық Банкі «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» монеталар сериясынан номиналы 500 теңгелік сапалы күмістен және номиналы 100 теңгелік нейзильбер қоспасынан «Қырқынан шығару» ескерткіш монеталарын айналысқа шығарды.

17c45543d1f259734264adabc74af5ae_xl

Бәрімізге белгілі, қырқынан шығару – өмірге келгеніне қырық күн толған сәбиге қатысты өткізілетін ежелгі дәстүр. Дәстүрдің бар мән-мазмұны жас баланы қырық қасық тұзды суға шомылдырудан тұрады. Су құйылған ыдысқа күміс әшекейлер, монеталар салынады. Себебі, күміс – тазалықтың нышаны, оған қоса оны бәле-жаладан қорғайды деген наным бар. Бұл рәсімге әйел адамдар қатысады, балаға қасықпен су құя отырып, олардың әрқайсысы жақсы тілектерін айтады. Аталарымыз осы дәстүрді өткізгеннен кейін сәбиді көпшілікке көрсетуге болады деп санаған.

Номиналы 500 теңгелік және 100 теңгелік ескерткіш монеталар ҚР-ның аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сонымен қатар, банк шоттарына есептеу және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті. Сондай-ақ, еліміздің барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады әрі айырбасталады.

Лиза Сейтімова

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*