ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕҢЕЙЕ ТҮСПЕК

 

Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан және Түркия басшылары түркітілдес елдер арасындағы сауда мен инвестициялардың өсіміне қанағаттанатынын, өздері бұл бағыттағы күш-жігерді қолдауға әзір екендіктерін білдірді. Олар жеке бизнесті түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің жұмыс топтарына белсене қатысуға, сондай-ақ Түркі іскерлік кеңесін оған қатысушылар арасындағы экономикалық ынтымақтастықты оңайлатуға шақырды, экспорт пен инвестицияларды қолдауға жауапты төрт елдің құрылымдары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум бойынша қанағаттанатындықтарын білдірді.
Төрт елдің президенттері, сондай-ақ түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі хатшылығының үшінші шілдедегі Бакуде өткен кездесулері бойынша көлік министрлері баяндамаларын, көлікті дамыту жөніндегі хаттамаға қол қойылуын және Ақтау, Баку және Самсун порттары ынтымақтастығына қатысты өзара түсіністік туралы меморандумды құптады.
Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан және Түркия президенттері сондай-ақ аймақта тасымалдар әлеуетін, Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі қатысушылары арасындағы қолда бар көлік инфрақұрылымын тиімді пайдалануды ұлғайту үшін жауапты құрылымдарды жұмыс жүргізуге шақырды.
Сонымен бірге жолаушылар және жүк тасымалын оңайлату және көлік әлеуетін ұлғайтуға күш-жігерді арттыру және экспорттық және импорттық рәсімдерді оңайлату, сондай-ақ заманауи технологиялармен алмасу жүйесін енгізу үшін тетіктерді пайдалану қажеттігі аталып өтті.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*