ҚЫМБАТТЫ АТЫРАУЛЫҚТАР ЖӘНЕ ҚАЛА ҚОНАҚТАРЫ! ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Бүгінгі Атырау – еліміздегі ірі өнеркәсіптік орталық, өнер мен білім өрістеген өлке, татулықтың алтын қазығы.
Біздің шырайлы шаһарға күн сайын дүние жүзінің әр тарапынан, алыс-жақын шетелдерден, еліміздің түкпір-түкпірінен қызмет бабымен, туристік мақсатпен жүздеген қонақ келеді. Олар біздің жарасты тірлігімізді үлгі етеді.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының нәтижесінде мемлекетіміз қол жеткізіп отырған табыстарда атыраулықтардың үлесі зор екені – мақтаныш. Жылдан жылға қала тұрғындарының әл-ауқаты жақсарып келеді.
Құрметті атыраулықтар!
Ыңғайлы да жайлы орта қалыптастыру үшін қаламызды көгалдандыру, тазалық жұмыстарын жүргізу назардан тыс қалмақ емес. Жаңадан бой көтерген зәулім ғимараттар мен жаңартылған тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар, инфрақұрылымдар қаламызға ажар қосса, бұл – келешек ұрпақтың игілігі. Баршаңызды әсем де абат қаламызды құрметтеуге шақырамын.
Атырау – болашақтың қаласы. Кемел келешек біздің қаламызда тұратын адамдардың қуаты мен дарынына, еселі еңбектеріне, елге деген махаббатына да байланысты.
Атырауды алда жаңа жетістіктер мен биіктер күтіп тұр. Жасампаздық шыңына, асқаралы асуға Сіз бен біз ынтымақ-берекелі тірлігімізбен жетеміз деп сенім білдіремін.
Мереке қарсаңында барша атыраулықтардың шаңырағына ырыс-құт қонсын деп тілеймін.
Жаңа да жасампаз істер шырайлы шаһарымыздың – арайлы Атырауымыздың тарихын жалғастыра берсін!

Құрметпен,
қала әкімі С.АЙДАРБЕКОВ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*