Ғылымға сүйенген ел биікке жетеді

Тәуелсіздік бізге оңай келмегенін жақсы білеміз. Мемлекетіміздің егемендігін жариялаған тұста әр салада тоқырау болды. Қайта құрудың салдарынан халықтың тұрмысы нашарлады. Өз алдына жеке дамыған, экономикасы қалыптасқан, саяси-әлеуметтік жағдайы жақсарған дербес мемлекетке айналу  жолында  Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесі ұшан-теңіз.

__%d1%8b%d0%bb%d1%8b%d0%bc__%d0%b0-%d1%81__%d0%b9%d0%b5%d0%bd%d0%b3%d0%b5%d0%bd-%d0%b5%d0%bb-%d0%b1%d0%b8%c2%a6%d0%ba%d0%ba%d0%b5-%d0%b6%d0%b5%d1%82%d0%b5%d0%b4%c2%a6

Соңғы он жылдың шамасында елімізде әр салада өсу мен өркендеу  басталды. Міне, ширек ғасырда ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, әлем таныған елге айналдық. Ұлттық валютамыз айналымға еніп, еліміздің Астанасы қысқа мерзімде салынып, гүлденген қала болды. Атом полигондары жабылып, еліміздің Еуропадағы  қауіпсіздік және ынтымақтастығы ұйымына төрағалық етуі – тәуелсіз Қазақстанның алғашқы жасаған қадамдары еді.

Соның ішінде, алдыңғы қатарлы техникалық жоғары оқу орындарының бірі – Атырау мұнай және газ университетінде   де игі бастамалар жүзеге асуда.

Биыл оқу орны ғылымдағы жаңа бастамалары мен жетістіктері үшін университет мәртебесін алды. Алдағы уақытта да ұжым өз позициясының нығаюына бар күш-жігерін салады. Ғылым, білім, өндірісті интеграциялау идеяларын жүзеге асыруда ғылыми-зерттеу орталығына айналмақ.

Әли ӘБІШЕВ,

Атырау мұнай және газ

университетінің  ректоры, профессор.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*